Анонс!

Сс, 31/03/2026 - 10:30 — Ольга А




«Квизотека» интеллект-аренасы

Сс, 17/02/2026 - 15:42 — Ольга А

Тіркелу үшін суретті немесе QR-кодты басыңыз.

Квизотека — қарапайым ережелері бар сұрақ-жауап форматындағы командалық ойын. Сіз достарыңыздан команда жинап, кітапханамызға келесіз де, басқа командалармен жарыса отырып, уақытты керемет өткізесіз.
Ойындар тақырыптық (бір тақырыпқа арналған) және классикалық (әртүрлі тақырыптарды қамтиды) болып өтеді. Небәрі 7 турдан тұрады. Әр турда 7 сұрақ беріледі. Сұрақтар әртүрлі форматта болады: мәтіндік, суретті, аудио және бейне.
Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады!
Ойынға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу арқылы біз командаңыздың атауын және қатысушылар санын білеміз, соның нәтижесінде сіздерді барынша ыңғайлы орналастыра аламыз.
Әр ойынның өтетін күні мен уақыты алдын ала кітапханада және біздің әлеуметтік желілерімізде (Fasebook және Instagram) жарияланады.



Кітапхана туралы

Сіздерді біздің сайтымызда көргенімізге қуаныштымыз!
Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана сіздерді кітап оқу әлеміне еліктіретін, қызықтыратын және сабақ боларлық саяхат жасауға шақырады!

biblioteka.jpg

Бұл біздің кітапхананың ғимараты. Оның орналасу мекен—жайы: Қасымқанов көшесі, 74 үй.
Кітапхана дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді сағат 10.00 - 18.00, сенбі күні: 9.00 - 17.00. Демалыс күні—жексенбі.

Кітапхананың құрылымы:

  • Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі
  • Қызмет көрсету бөлімі
  • Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімі
  • Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі
  • Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету, өлкетану библиографиясы бөлімі
  • Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі
  • Кітапхана жүйелерін автоматтандыру бөлімі

logo.gif

Бұл біздің кітапханамыздың белгісі. Ол 1996 жылы пайда болды.
Оның авторы біздің кітапханамыздың оқырманы – Ольга Бойко.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 129 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана